Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді
Ол Ұлттық кітапхана ғимаратына келіп, өз таңдауын бірінші болып жасағандардың бірі болды. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, бұл сайлаудың арқасында елімізде қоғамдық-саяси алаң кеңейеді. «Парламентке жаңа депутаттардың келуі қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға сеп болады», — деді Ерлан Қарин.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
-Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін пропорционалды жүйе болғаннан кейін негізінен тек қана партия мүшелері ғана сайлауға қатыса алатын еді. Енді бір мандаттық округтар бойынша сайлау енгізілгеннен кейін, сонымен қатар қарапайым азаматтардың да, міндетті түрде бір партияның мүшесі емес, жәй адамдардың да сайлауға түсуіне мүмкіндік ашылды. Бұл ең алдымен сайлау құқығының кеңеюінің белгісі.