Сайлау учаскелерінен 57 азамат шығарылды
Сондай-ақ күні кеше дауыс беру кезінде Сайлау заңын бұзудың 25 дерегі тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері хабарлады. Заңға қайшы 8 жағдай — Алматы облысында, 5 дерек — Солтүстік Қазақстан облысында анықталды. Өзге өңірлерде 1-2 жағдайдан тіркелген. Сайлау заңы қатаң сақталған облыстар да бар. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жалпы елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты болған. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жоқ.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
-Төрағалардың актілеріне сәйкес сайлау учаскелерінен барлығы 57 азамат шығарылды. Астана қаласы бойынша 21, Ақтөбе 8, Қарағанды 7, Алматы, Қызылорда төртеуден, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы қаласы, Жамбыл екеуден, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Жетісу, Ұлытау облыстарында біреуден.