Сенат ЕАЭО аясында транзиттік әлеуетті дамыту туралы заңды мақұлдады
Былтырдың өзінде Қазақстан арқылы 200 мың жүк көлігі өткен. Мамандардың есебінше, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 32% көп. Қабылданған құжат осы әлеуетті тағыда арттыра түсуіге мүмкіндік береді. Жаңа нормаларға сай рұқсат қағаздардың саны қысқартылып, рәсімдеу электронды үлгігі ауысады. Яғни біз арқылы тасымалдау барынша тартымды болады. Ал пайдаға келетін болсақ, биылдың өзінде қазынаға 160 млрд теңге түсіпті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар тасымалдау кезінде міндетті кедендік және өзге де төлемдерді төлеуге қатысты құқықтық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ құжат сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жекелеген кедендік рәсімдерді жеңілдетуді көздейді.
Екі айда өзін банкрот деп тануға 49 мың Қазақстандық өтініш берген. Мұны Сенат қабырғасында Қаржы министрлігінің өкілі мәлімдеді. Бірақ 6 мың адам ғана несие қарызын төлеуге қабілетсіз деп танылған. Енді олар жарты жылда банкрот деп танылуы мүмкін. Қалған өтініштер кері қайтарылыпты. Себебі ол азаматтардың жер учаскесі, көлігі мен өзге де мүліктері бары анықталған. Ал ондай тұлғалар соттан тыс қаралатын банкроттыққа жатпайды. Дей тұрғанмен араға үш ай салып, қайта өтініш берулеріне болады. Наурызда қабылданған «Банкроттық туралы заңды» 1 млн-нан астам адам пайдалана алады деп болжанған.