Хабар телеарнасы

Елордада Жаңа Қазақстанның өңірлік даму проблемалары мен перспективалары жайлы конференция өтті

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, депутаттар, облыс әкімдері, үздік студенттер арнайы қатысты. Онда елді мекендердегі өзекті денсаулық сақтау, экология, инфрақұрылым, әлеуметтік-мәдени, білім беру мәселелер талқыланды. Шара соңында алғашқы кезеңнен іріктеліп келген 150-ге жуық үздіктер марапатталды.