М.Әшімбаев: Қытаймен арадағы визасыз режимді халыққа дұрыс түсіндіру керек
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа келісімге қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан 50-ден астам мемлекеттің азаматтарына шектеулі уақытқа визасыз келуге мүмкіндік беріп отыр. Олардың арасында АҚШ, Еуропа және Азия елдері де бар. Бұл елімізге туристерді тарту және бизнес аясында келіп жатқан адамдарға тиісті мүмкіндік жасау үшін қарастырылған. Бірақ оның аясында Қазақстанда жұмыс істеуге және тұрақты қалуға болмайды. Яғни ондай заңсыздықтарға жол берілмейді. Тәртіп бұзылса, жауапқа тарту көзделген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Осы соңғы жылдары Қытайдың азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз кіруге мүмкіндігі бар. Бұл қазір қабылданып жатқан мәселе емес. Бұл пандемияға дейін қабылданған. Қазір біздің тарапымыз Қытайдың тиісті мемлекеттік органдарымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі енді Қазақстан азаматтарының да Қытайға визасыз баруы туралы мәселені көтеріп жатыр. Сіздер визасыз келсеңіздер, біздің азаматтар неге виза алу керек Қытайға бару үшін?