Сенат депутаттары еркін экономикалық аймақтар туралы заңды мақұлдады
Хаттама бойынша арнайы экономикалық аймақта кейбір санаттағы тауарлардың болуына және пайдаланылуына тыйым салу мүмкіндігі көзделеді. Заң бойынша енді тіркелген резидент Еуразиялық экономикалық одақтың сайтында кәсіпорын мәліметтерін жариялауға міндеттеледі. Сенаторлар Қазақстан мен Қасиетті тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімді ратификациялауды көздейтін заңды да қабылдады. Аталған шарт Католик шіркеуі қызметшілерінің санатын және құзыретті органдарды нақтылайды. Енді шетелдік дін қызметшілері 6 айлық миссионерлік визаны пайдалана алады. Айта кетейік, елде қазір Католик шіркеуінің 232 шетелдік миссионері тұрып жатыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Мақұлданған қосымша келісім Рим Папасы Франсцисктің ресми сапары аясында жасалған болатын. Алдағы уақытта осы құжат Қазақстан мен Қасиетті тақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өз септігін тигізеді деп сенеміз.