Үкімет отырысында су қоймаларындағы қауіпсіздік жайы қаралды
Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болады. Олардың 100-ге жуығы балалар. Биыл жаз басталғалы 17 адам мерт болған. Мамандар қайғылы оқиғалардың басым бөлігіне адамдардың мас күйде және рұқсат етілмеген жерлерде шомылуы себеп деп отыр. Елімізде жүзуге рұқсат етілген 487 орын бар. Үкімет басшысы мұндай орындарды тағы да көбейтуді, әсіресе жаңа облыстарға көңіл бөлу керек екенін айтты. Жиында Әлихан Смайылов Қызылорда облысында студентті құтқарып қалған майор Ержан Әбдірамановтың ерлігін де атап өтті. Жауапты ведомстваларға қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ақпарттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер министрі:
-Суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70% ауыл тұрғындары болып отыр. Осы бағытта жергілікті жерлерде кең ауқымды жұмыстарды жүргізу қажет. Халықтың назарына судағы қауіпсіздік талаптарын, алғашқы көмек көрсету ережелерін, арнайы жағажайлар мен қауіпті орындар туралы ақпаратты үнемі жеткізу керек.