Жол үстінде күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады
Бұған дейін Ішкі істер Министрлігінің дерегі бойынша бірқатар аймақтарда жол апатының жиілегені айтылған. Қазіргі ахуал қандай? Қандай шаралар қолға алынып жатыр?
Жол үстінде күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Еліміздегі жол-көлік оқиғаларының салдары осындай. Ай және жылдық есеппен айтсақ жүрекке тіпті ауыр тиеді. Міне сондықтан да бұл тақырып Үкімет деңгейінде қаралды.
Мәселе негізінен үш фактордан туындауда. Біріншісі — жауапсыздық. Өткен сегіз айдың ішінде 8 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары тіркелген. Қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 9 мың адам көлік жүргізу құқығынан айырылған. 15 мыңға жуық жүргізуші мас күйде ұсталыпты. 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.
Жиында зардап шеккендер мен өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары аймақтар аталды. Ол — Алматы мен Түркістан облыстары. Абай өңірінде апат деңгейі 2 есеге жуық өскен. Жолдың сапасы да жеке талдануы тиіс сұрақ. Мамандар қуіпсіздіктің сақталуына кері әсерін тиігізіп отырған екінші фактор тап осы дейді. Айтақшы көлік дәлізінің нашарлығы себепті апатқа түссеңіз сол үчаскеге жауапты компанияны сотқа беруіңізге болады.
Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- Мұндай ереже шынында да бар. Егер де жүргізуші жолдың жағдайы нашар болуы себепті көлік апатына түсіп техникасына зақым келсе сотқа шағымдануға құқылы. Мұндай фактілер бізде болды. Олар сол шағымы негізінде процесті ұтып шықанында естігенбіз. Әр жүргізуші осы құқығын пайдалана алады.
Үшінші мәселе — жолы жақсы учаскелерде жылдамдықты шектен тыс асыру. Оны камераларды көбейту арқылы шешуге болады. Қазірдің өзінде еліміздегі жолдарда жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін 22 мың құрылғы орнатылған. Олардың көмегімен барлық заң бұзушылықтың 50% анықталады. Сондай-ақ қалааралық бағыттардағы такси қызметін реттеу өзекті болып тұр. Нақтырақ айтсақ жүргізушілердің тізгінде белгіленген уақыттан артық отырмауын бақылау көзделуде. Себебі шаршау мен ұйқысыздықта апатқа себеп болады. Оның тетіктері әлі пысықталады.