Мемлекеттік кеңесші Ішкі саясат саласы бойынша кеңес өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ішкі саясат бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді. Ерлан Қарин Президенттің Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған сұхбатындағы басым бағыттарға сәйкес Ішкі саясат саласында қызмет ететін құрылымдардың міндеттерін айқындады. Сондай-ақ Ұлттық құрылтай, «Наурыз» мейрамын жаңаша атап өту, дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу мәселелері де талқыланды. Кеңес қортындысына сәйкес мемлекеттік органдарға аталған бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берілді.