Ерлан Қошанов Татарстан басшылығымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге жасаған ресми сапары аясында Қазан қаласына барып, Татарстан Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Қос тарап ынтымақтастықты, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Өз кезегінде Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан IT-парктерінің әлеуетін біріктіруді ұсынды. Бұған қоса сапар аясында Мәжіліс төрағасы Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен де кездесті. Ерлан Қошанов татарстандық әріптесін Мемлекеттік Кеңестің 30 жылдығымен құттықтап, толағай табыс тіледі. Айта кетейік, Татарстан Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі және еліміз үшін маңызды серіктес. Бүгінде Қазақстанда «Татнефть», «ТЭМПО», «КАМАЗ» және басқа да ірі компаниялар өз өндірістерін іске қосқан.