Хабар телеарнасы

Тоқаев Словакия премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Ганлова қаласында өткен үкімет мәжілісінен кейін Роберт Фицо алаңда жиналған жұртқа жақындағанда, бір ер адам оған бірнеше рет оқ атты. Полиция қылмыскерді ұстады. Ол - 71 жастағы жазушы әрі оппозициялық партия белсендісі.

Айтуынша, үкімет саясатына қарсы болғандықтан, Премьер-министрге қастандық жасаған. Ауыр жараланған Роберт Фицо тікұшақпен дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 5 сағат бойы операция жасаған. Қазір ем қабылдап жатыр.

Роберт Калиняк, Словакия Премьер-министрінің орынбасары:
- Түнде дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандыра алды. Қазіргі таңда денсаулығын жақсартуға арналған емдеу шараларын өткізіп жатыр.