Хабар телеарнасы

Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметі - нақтырақ айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Оның орнына Қайрат Омаров Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Нұрлан Асқарұлы бұл қызметке 2021 жылдың 7 қыркүйегінде тағайындалған болатын.