Президент Чжеонг Вон Пак пен Ён Ин Чонгті қабылдады
Мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады. Кездесу басында Президент су тасқыны кезінде елімізге көрсеткен көмегі үшін Корей компаниясына алғыс білдірді. Аталған компания Түркістан облысында бу-газ электр станциясын салады. Сондай-ақ Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге атсалысады.