Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келді. Мәртебелі мейманды әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды. Елордамыздағы маңызды шараға Моңғолия Президенті де қатысады. Ухнаагийн Хүрэлсүхті Астанаға ұшып келді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші отырысына қатысу үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан Республикасының Президентін Шавкат Мирзиёев та Астанаға келді.