Биыл Құрық су айлағы арқылы 1 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Биыл Құрық су айлағы арқылы 1 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 2 млн 300 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Порт аумағынан қосымша бірнеше айлақ пен астық терминалын салу қолға алынды. Олар Қарақия ауданында ірі теңіз көліктік-логистика кластерін құруға мүмкіндік бермек. Құрық порты 10 жыл бұрын «Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында құрылды. Содан бері қуаты жылдан жылға артып келеді. Мәселен, былтырдың өзінде 1 млн 442 мың тонна жүк қабылдады. Қытайдан келетін жүк Қазақстан арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропаға жөнелтіледі. + снх