ЕО Ливанда атысты тоқтатуды талап етті
Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдай бойынша жиын өткізіп, аймақта атысты тоқтатуды талап етті. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель, Ливан билігіне және осы елдің халқына гуманитарлық көмек көрсету ниетін қолдайтынын айтты. Еурокомиссия Ливандағы қақтығыстардан зардап шеккендерге 10 миллион еуро көмек бөлді. Сонымен қатар Еуропалық Бейбітшілік қорынан 50 миллион еуро көлемінде қосымша көмек көрсетіледі. Еуроодақтың азаматтық қорғау механизмі аясында Брюссель Ливанға дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жіберді.
Жозеп Боррель, Еуроодақ дипломатиясының басшысы:
-ЕуроОдақ тез арада атысты тоқтату, Ливан қарулы күштерін орналастыру, осы елдің Президентін сайлау, Үкіметті құру және БҰҰ-ның 1701-ші Қаулысының толық орындалуын қамтамасыз ету үшін дипломатиялық шешімге есік ашуды талап етеді. Бейрут пен Ливанға жасалған жаппай соққылар, әрине, Хезболла жетекшілеріне бағытталған, бірақ олар сонымен бірге тәуелсіз елдің егемендігін бұзу, құрбан болғандардың көптігі және Израильге қатысты мәселе екені анық. Гуманитарлық құқықты ескеру қажет.