Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр

Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Түрлі салада бірлескен жобалар қолға алынған. Оларды іске асыру барысы бүгін Алматыда өткен үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысында талқыланды. Өзбекстан тарабы елімізде 3 инвестициялық жобаны қолға алған. Оның бірі – Тараз қаласындағы 500 мың тонна болат өнімін шығаратын электро-металлургия зауыты. Жалпы құны 3 млрд 100 мың доллар болатын 69 жобаны іске асыру жоспарда. Нәтижесінде 15 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
-Өзбекстан біз үшін тату көрші, одақтас және бауырлас мемлекет болып табылады. Орталық Азиядағы барлық сауданың 57% біздің елдерімізге тиесілі. Былтыр тауар айналымы шамамен $4,5 млрд құраса, ағымдағы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш $1,2 млрд-тан асты.