Президент электрмобильдерге қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы көлік және электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа Заңға сәйкес «гибридті автомобиль» және «электромобиль» ұғымдары енгізіледі. Электромобильдер автотұрақ пен паркингтерде арнайы орындармен қамтамасыз етіледі, ал олардың иелері автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар электрокар иелері салық пен утильалым төлемейді. Бүгінгі таңда әлемде электромобильдерге деген сұраныс артып отыр. 2020 жылы әлем бойынша осындай 3 млн 240 мың көлік сатылса, былтыр әлемде шамамен 17 млн электромобиль мен гибридті автомобиль сатылылған. Ал Қазақстанның жолдарында бүгінде 9 мыңнан астам электр көлігі жүйткіп жүр.