Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Бүгін Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді. Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.