Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында ауылды ауызсумен қамтудың жол картасы әзірленді

Өңірде орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған 26 елді мекен бар. Шалғай ауылдарда 7,5 мыңдай халық тұрады.

Қазіргі таңда Арал ауданының Ақбасты, Абай, Тоқабай және Қазалы ауданындағы Шилі, Шәкен, Сарыбұлақ ауылдарына су жеткізу жобасы салалық министрлікте қаралып жатыр. Ал құбыр тарту тиімсіз шағын елді мекендерге су тұщытатын қондырғы қойылады.

Медет Усаи, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдырамыз. Ол қалай? Қазір ол кісілер су ішпей отырған жоқ, су ішіп отыр,  әр үйде өздерінің ұңғымалары бар. Оларды СЭС зертханасымен ішуге жарамды деген хаттамасын алдық. Ал жарамсыз елді мекендерге су тұщытқыш блок-модульді қондырғысын қойып, суды тұщытып, халыққа береміз. Ал орталықтандырылған жүйеге қосуға 6 елді мекеннің жобасын дайындап, құрылыс комитетіне ұсындық.