Хабар телеарнасы

Ерлан Қошанов ресми сапармен Мажарстанға барды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Мажарстанға барды. Олар Будапешт қаласында ел президенті Тамаш Шуйокпен және мемлекеттік жиналыс төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық жайын талқылады. Мажарстанмен стратегиялық әріптестігімізге 10 жыл болды. Ал парламентаралық байланысты одан әрі нығайту үшін екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ ресми сапар аясында Мәжіліс спикері Қарсақ қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Делегация мүшелері екі елдің ажырамас туыстығы мен мызғымас достығының белгісі ретінде «Домбыра» мүсінінің ашылуына қатысып, мәдени орындарға барды.