Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдады

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенімді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуроодақтағы маңызды серіктестерінің бірі - Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.

Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланысын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміз чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Ал өз кезегінде Ян Липавски кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен баруға шақырғанын жеткізді.