Қазақстан мен Вьетнам сотталған адамдарын өзара алмасады
Сенат депутаттары Қазақстан мен Вьетнам арасында сотталғандармен алмасу туралы заңды мақұлдады. Құжат аталмыш елдің түрмесінде отырған қазақстандықтарға жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Вьетнамдықтар да дәл осындай мүмкіндікке ие болады. Осындай заңды мұның алдында ғана Вьетнам Республикасы да ратификациялаған.
Тағы бір айта кетерлігі, бүгінге дейін Қазақстан мен Вьетнамның өзара сотталған азаматтары жоқ. Мамандар екі ел арасындағы туристік ағынның көбейгенін ескеріп, құқықтық тұрғыда реттеуді жөн көріпті. Оның үстіне биылдан бері қос тарап визасыз режимге көшті.