Мәжіліс төрағасы Қырғызстан Президентімен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Ол Қырғыз елінің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Садыр Жапаровтың бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті. Парламентаралық кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси диалог пен өзара түсіністікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді,- деді Мәжіліс төрағасы. Айта кетейік, Қырғызстанға ресми сапары аясында Мәжіліс пен Жогорку Кенеш депутаттарының екіжақты кездесуі өтті. Ал өзара ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысында кеңес туралы ереже қабылданды.