Астанада Қазақстан мен Ресей сарапшылары бас қосты
Қазақстан мен Ресей арасында әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық байланыстардың әлеуеті зор. Тату көрші және стратегиялық әріптес елмен бірлескен іс-қимылдарды кеңейту жолдарын Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі талқылады.
Жиын елордада Ресей президентінің елімізге сапарына орай Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Ресейдің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының бастамашылығымен ұйымдастырылды. Сарапшылар экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, көлік-логистика, энергия көздерін қолданудағы бірлескен шешімдер жайында пікір алмасты. Ғылым мен білімді, жастар саясатын дамыту бағытында да ұтымды ойлар айтылды. Сондай-ақ енді сарапшылар кеңесінің отырысын дәстүрлі түрде өткізіп, бірлескен бастамаларды тиімді жүзеге асыру көзделіп отыр. Жиында айтылған тұшымды ұсыныстар Мемлекет басшыларына жолданады.
Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының орынбасары:
- Шынайы келгенде, бұл екі мемлекеттің қарым-қатынасы сол әсіресе шекаралық аймақта тұратын халықтың жағдайына жақсы әсер ететіндей жағдай жасауымыз керек. Біз яғни, орталықта, оңтүстікте, батыста өмір сүрген бөлек. Ал шекаралас аймақта өмір сүру бөлек нәрсе. Сол себепті ол жақта сауда-саттық бар. Тіпті кейде шекараны өтудің өзінде бір мәселелер болуы мүмкін. Соның бәрін еңсеру үшін біз осындай сарапшылық форумдар жасаймыз.