О. Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов NU, Назарбаев Зияткерлік мектептері және «Назарбаев Қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында білім беру сапасын арттыру, әкімшілік процестерді жетілдіру жөнінде мамандар пікір алысып, атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды. Мәселен, тек универсиет тарапынан 2011 жылдан бастап 360-қа жуық ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым, 500-ден астам стартап ұсынылыпты.
Үкімет басшысы ақпараттық технологиялар, медицина, робототехника, жасанды интеллект, энергетика, білім беру салаларындағы коммерциялық әлеуеті бар жаңа әзірлемелермен танысты.
Дос Сарбасов, жоба авторы:
- Біз ісік аруына қарсы қазақстандық дәріні жасап, қазір оны жетілдірудеміз. Бүгінге дейін ол өнім клиникалық сынақтан өтті. Оған қатысқан еріктілерде ісік көлемі өсуін тоқтатты. Бір науқаста көлемі кішірейді. Осылайша дәріміздің тиімді жұмыс істейтініне көз жеткіздік. Бұл жоба бойынша халықаралық патент алдық. Зерттеуді әлі жалғастырамыз.