Хабар телеарнасы

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті атқарған Азамат Есқараев Президент Жарлығымен лауазымынан босатылған еді.