«AMANAT» партиясы Президент реформаларын жүзеге асыруға кірісті
Мәжілістегі фракция отырысында партия депутаттары Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылады.
Партия төрағасы Ерлан Қошанов Президент жүктеген міндеттер өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Үкіметтің қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру әрі қолдану шегін төмендетумен қатар әкімдер корпусының жұмысын арттыру мәселесіне баса назар аударды. Фракция мүшелері МӘМС жүйесін жаңғырту, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар мен АЭС салудың маңызына тоқталды.