Хабар телеарнасы

ШҚО-дағы VIII қысқы универсиада әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналады

Қарлы өлкеге елімізден 12 команда жиналды. Аталған спорттық доданы биыл жастар ойшыл бабамыз әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнап отыр. Универсиада наурыз айының ортасында қорытындыланады.

Лариса Переверзева, көпсайыс жеңімпазы:

- Мен кішкентай кезімнен бастап шаңғы тебемін. Содан бері спорттан қол үзген емеспін. Әрбір сайыстан соң керемет әсер аламын. Осы жарыс та өте тартысты өтті, ал табиғат тіпті әдемі.