Алматыда кәсіпқой бокстан тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық турнир өтті
Осы жастарға мүмкіндік жасау үшін биыл Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылып, Алматыда тек кәсіпқой боксшылар жаттығатын спорт залы ашылды. Онда промоутерлік компаниялардың бірлескен жарысы өтіп, бапкерлер жас боксшылардың аяқ-алыстарын байқады. Алматы облысының намысын қорғаған 16 жастағы Ильяс Елемес өзіндік ұрыс өнерімен көпшілік көңілінен шықты. Мамандар соққысы жойқын Бауыржан Бейілдиновтың да болашағынан зор үміт күтеді. Қатарынан төртші жекпе-жегінде жеңіске жеткен ол бұл жолы да қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.
Бауыржан Бейілдинов, кәсіпқой боксшы:
- Бапкерімді естіп тұрдым. «Асықпа, асықпа» деген дауыстарды естідім. Ағайымның сөзіне мән беріп отырдым. Қарсыласты бірден құлатып тастау да дұрыс емес. Боксшы өзі ашылу керек. Соған орай жекпе-жекті екі раундқа жоспарлағанбыз. Бірақ бірінші соққыдан кейін осылай құлайды деп ойлаған жоқпыз. Біз екінші раундқа көздегенбіз.