Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен марафон өтті
Оныншы рет өткен мерекелік «Алматы марафонына» 5 мың адам қатысты. Kaspi.kz – бесінші жыл қатарынан осы спорттық шараның бас серіктесі.
Алматының өткен жексенбідегі таңы бұрыңғыдан өзгеше. Сағат алтыдан бастап қала тұрғындары «Алматы марафонына» жинала бастады. Жарысқа қатысушылар дәстүр бойынша 10 минуттық жаттығу жасады. Содан кейін ғана екіжылдық үзілістен кейінгі марафон басталды. Айта кетейік, әлемдік пандемияға байланысты былтыр бұл шара өткізілмей қалған еді.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:
- Біз «Алматы марафонына» бесінші жыл қатарынан қуана қолдау көрсетіп келеміз. Еліміздегі ең ірі спорттық шараға республиканың мыңдаған тұрғыны мен қонағы қатысуда. Біз биыл марафонның өткеніне қуаныштымыз және қатысушыларға, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.
Оныншы «Алматы марафонында» барлық санитарлық қауіпсіздік талабы сақталған. Желаяқтардың денсаулығы Ashyq қосымшасы арқылы тексерілді. Мұнда тек вакцина салдырғандар мен ПТР-тест тапсырғандар ғана қатысуға мүмкіндік алды. Олар жарыс жолынан тыс жерде маскамен жүруі керек. Биылғы марафонға 5 мың адам қатысты. Олардың арасында Испания, Оңтүстік Африка, Ресей және Қырғызстаннан келген желаяқтар бар.
Марафонға қатысушылар әртүрлі қашықтықта бақ сынады. Яғни марафон, жартылай марафон және 10 шақырымға жүгірді. Одан кейін қатысушылар Экиден командалық эстафетасында бақ сынады. Бұл жарысқа Kaspi.kz қызметкерлері де қатысты. Топ құрамына биыл алғаш рет нәзік жанды қабылданыпты.
Инна Ли, Kaspi.kz қызметкері:
- Бұл – үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар мен Kaspi.kz тарапынан командалық жарысқа шыққан алғашқы қызбын. Сондықтан марафонға қатыстқаным және әріптестер арасындағы барлық қызға үлгі болғаным үшін қуаныштымын.
Нұрбол Садықов, Kaspi.kz қызметкері:
- Дайындық өте керемет болды, бәрі ойдағыдай өтті. «Алматы марафонына» және Kaspi.kz-ке рақметімді айтамын. Қатысуышларға, ұйымдастырушыларға, демеушілерге көп рақмет!
«Алматы марафоны» бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттаудан өзге қайырымдылық мақсатты да көздейді. Жарысқа қатысушылардан жиналған қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған спорт алаңдарын ашуға және желаяқтарға арналған жаттығу орталығын салуға жұмсалады.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев