Бейжің-2022: Олимпиада қалашығында коронавирус анықталды
- Категория: Спорт

Қытайда соңғы 2 жарым аптада Олимпиадаға келген 72 шетелдік азаматтан коронавирус анықталды.
Олардың 39-ынан вирус Бейжің әуежайында ПТР-тест тапсыру нәтижесінде, ал қалған 33 шетелдіктен күнделікті тексеру кезінде шығыпты. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар – спорттық құрамалардың өкілдері. Ал спортшылар арасында әзірге коронавирусты ешкім жұқтырмаған.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында өтеді. Жергілікті билік халықаралық жарыс кезінде індеттің алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдауда. Жалпы қазір Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қызу жүріп жатыр.