Ұлттық спорттан кіл мықтыларға «Алтын тұғыр-2022» сыйлығы табысталды
Үздіктерді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин марапаттады. Сондай-ақ шара аясында Ұлттық спорт түрлеріне арналған экспозиция – ойын-сауық алаңы құрылды. Қазақтың салт-дәстүрінен орын алған – садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату секілді ойын түрлері де көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, «Алтын тұғыр» сыйлығын табыстау рәсімі биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Игі шараның мақсаты – Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін үстем етіп, ел намысын асқақтатып жүрген азаматтардың есімін ардақтау.
Ерасыл Серікбекұлы, құсбегі:
- Мен осы бүркітшілікпен бала кезден айналысып келе жатырмын. Атамның қасында әкем жүріп, әкемнің қасында мен жүріп үйрендік. Қазір бұл атамның бүркіті, 28 жаста. Талай жарыстарға шығып, қаршығамен, бүркітпен орын алып жүрміз.
Нұркен Байбуриев, Ұлттық ат спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушы:
- Басқа да өңірлерден келесі жылы үлкен спортшылар шығады деген үміттеміз. Мысалы, қарап отырсақ, жыл сайын осы Алтын тұғырда жаңадан жас буындар көп ілініп жатыр. Рекордтар жасалынып жатыр. Сондықтан Алтын тұғыр номинациясы бұған үлкен себепкер болатыны айдан анық.