Түркістанда баскетболшы қыздардың жарысы басталды
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына еліміздің бірнеше өңірінен 20 команда келіпті.
14 жасқа дейінгі баскетболшылар сайысында Астана мен Атыраудың «Барсы» арасындағы ойын тартысты өтті. Соңғы минуттарда дәлдік танытқан елордалықтар 34:30 есебімен жеңіске жетсе, қостанайлықтар алаң иелерінен айласын асырды. Есеп:45:20.
Шымкенттік қыздар Маңғыстау баскетболшыларын 36 да 14 есебімен ұтты. Батыс қазақстандықтар «Сайрамнан» басым түсті.
Иван Гайна, баскетболдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:
- Осы жарысқа келген командалардың осалы жоқ. Сондықтан Түркістанда қай команданың топ жаратынын дәл қазір дөп басып айту қиын. 3 команданың ойын өрнегі қатты ұнады. Өткен маусыммен салыстырғанда бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан финалдық кезең өте қызықты болғалы тұр.