Грек-рим балуандары 3 жолдама ұтып алды. Спорт жаңалықтары
Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы әлем кубогы кезеңінде топ жарды. Түркияның Анкара қаласында өткен жарыста Павел Ильященко мен Елена Потапенко жұбы аралас эстафетада жеңіске жетті. Ал Бішкекте күрес түрлерінен Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына үш лицензия ұтып алды. Бішкек қаласындағы Азия іріктеу турнирінде 60 келідегі Айдос Сұлтанғали мен 77 келідегі Демеу Жадыраев және аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов жолдамаға қол созды. Әлімхан мен Айдос алғашқы Олимпиадасына қатысады.
Айдос Сұлтанғали, Грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі:
-Осы Олимпиадаға бару үлкен мақсат-тұғын. Бірақ оған бармай қалатыныма ешқандай күмән болмады. Әйтеуір өзім түбінде барамын деп алға мақсат қойғам. Енді бір шак олимпиадаға шығу керек болып тұр.
67 келідегі Мейіржан Шермаханбет пен 97 келідегі Олжас Сырлыбай жолдамаға жете алмады. Енді бұл салмақта әлемдік лицензиялық турнирге кімдердің баратынын бапкерлер шешеді. Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары 8-12 мамырда Стамбұлда сарапқа салынады.