Хабар телеарнасы

Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Спорт жаңалықтары

18-ші рет ұйымдастырылып отырған төл біріншілігіміздің финалына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көкпаршылары шыққан еді. Жартылай финалда Түркістан көкпаршылары Атырау облысының құрамасынан 8:3 есебімен басым түссе, Шымкенттіктер Алматы облысынан айласын асырған еді. Ал жұрт тағатсыздана күткен шешуші ойын текетіреспен өтті. Ұрымтал сәттерді ұтымды пайдаланған Түркістандықтар жауапсыз 3 салым салып, ел чемпионы атанды. Ұлттық біріншілікке әр өңірден 12 команда мен 140-қа жуық шабандоз қатысқанын айта кетейік. Жарыстың жалпы жүлде қоры 16 млн теңгені құрады.