Хабар телеарнасы

Биыл Қызылорда облысының ауылдарында 15 спорт кешені салынады

Өңірде мектептің спорт залында немесе мәдениет үйлерінің аядай бөлмелерінде жаттығып жүрген жүздеген жас спортшы бар. Аймақта соңғы жылдары спорт нысандарын көбейтуге басымдық беріліп отыр. Мысалы, былтыр облыс көлемінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті мен шалғайдағы Бекарыстан би, Қожабақы ауылының жастары үшін де биыл жаңа спорт кешені бой көтереді. Жоба құны – 550 миллион теңге. «Аудан орталығында бұған дейін футзалға арналған алаң болған жоқ»,— дейді мамандар.

Панабек Әлиев, мердігер компанияның өкілі:
-Ұзындығы 50, ені 25 метр, жабық спорт кешені болады. Ішінде футбол алаңы болады, екінші этажында теннис залдары болады. Биылға 50 миллион теңге ақша қаралып тұр. Келесі ақшасы қаралса, осы жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.