Алматыда тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Құрлықтың 29 елінен жиналған 614 спортшы 29 медалдар жиынтығын сарапқа салады. Жарыс жолына алғашқы болып, аралас эстафетадан элиталық топтың мықтылары анықталды.
40 шақырымдық сайыста Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды. Біздің қыз-жігіттер қашықтықты 51 минут 8 секундта бағындырды. Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова және Фаина Потапова командалық сында топ жарды. Өзбекстан екінші, Гонконг құрамасы үшінші орынға ие болды.
Жетес Сүлейменов, ҚР Велоспорт федерациясының бас хатшысы:
- Велоспорттың барлық түрінен Азия біріншілігі өтіп жатыр. Ерлер, әйелдер, жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында және паравелоспорттан өтіп жатыр. Және әуесқойлардан да халықаралық өтпекші.