Хабар телеарнасы

Қазақ балаларын «Атлетико Мадридтің» мамандары жаттықтырады. Спорт жаңалықтары

Қазақ балаларын «Атлетико Мадридтің» мамандары жаттықтырады. Спорт жаңалықтары

Қазақ балаларын «Атлетико Мадридтің» мамандары жаттықтырады. Бүгін испан клубы мен Қазақстан футбол федерациясы арнайы меморандумға қол қойды. Жоба бойынша Алматы облысындағы Ақбұлақ олимпиадалық базасында спорттық білім беру академиясы ашылады. Келісім бойынша жас футболшылар арнайы Грант арқылы Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады.

Қазақстан футболшылары маусымдағы дайындық кезеңін сәтсіз аяқтады.

Кеше біздің жігіттер Әзербайжанға есе жіберді. Жерлестеріміз алғашқы таймда екі доп соғып алға шыққан еді. Алайда үзілістен кейін нәтижені сақтап қала алмады. Матчтың бірінші минутында Ян Вороговский есеп ашты. Сосын Максим Самородов мергендік танытып, ұлттық құраманың мерейін үстем еткен. Бірақ футболшылардың қуанышы ұзаққа созылмады. Әзербайжан құрамасы сапынан Махир Эмрели есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда Эмин Махмұдов пен Тұрал Байрамов гол соғып, қарсылас командаға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 3:2. Әзербайжанның пайдасында.

Абат Айымбетов, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
-Қиындау болды. Ойынды талқылау керек. Эмоция жағынан ба, былай негізі ойнайтын команда. Ұтатын команда, өкінішке қарай сәттілік жетіспеді.

Аударыспақтан Ұлттық құрама Астанада өтетін көшпенділер ойындарында бас жүлде алуды көздейді.

Қазақ жігіттері қазір Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүр. Жанбатыр Бекмұсаев шәкірттері қыркүйектегі кешенді сайысқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Үшінші жиынға 12 балуан шақырту алған. 80 келіде ат үстіндегі күрестен әлем чемпионы Дарын Өткелбай көшпенділер ойындарына қатысады. Ал өзге бес салмақтың мықтысы шілдедегі жиында анықталады. Ұлттық команда тамызда елордада бас қосып, соңғы дайындықтарын пысықтайды. Астанадағы көшпенділер ойындарына аударыспақтан 11 мемлекеттің құрамасы келеді.

Жанбатыр Бекмұсаев, аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
-Алдындағы екі жаттығумыз жалпы дене дайындығы болса, бұл жерде атпен үшінші жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Ұлттық құрамамыздың 6 салмақ дәрежесіндегі екі құрам жігіттермен жұмыс жасап жатырмыз және облыстардан келген үш балуан бар.

Дарын Өткелбай, аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі:
-Дайындығымыз өте сапалы өтуде. Осы үшінші жиынымыз. Үшінші жиында атпен жұмыс жасап жатырмыз.

Кирилл Герасименко үшінші Олимпиадасына барады.

Қазақстан спортшысы рейтинг бойынша қажетті ұпай жинап, Париж ойындарының лизенциясына қол жеткізді. Ұлттық құрама көшбасшысы халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған тізімінде Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғары орынға жайғасты. Герасименко бұған дейін Рио де Жанейро және Токио Олимпиадасына қатысты. Париждегі үстел теннисі жарысы 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.