V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: сыйақы көлемі 253 млн теңге
Елордада қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 76 күн қалды. Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, спорт ғимараттарының басым бөлігі жарыс өткізуге дайын. Ойынға 89 елден, 2 жарым мың адам қатысып, 21 спорт түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздарға арналған сыйақы көлемі 253 млн теңгеден асады. Қаржыны серіктестер мен демеушілер бөлген. Мұны орталық коммуникациялар алаңында ойынды дайындау және өткізу дирекциясының вице-президенті хабарлады. Жүлдегерлерге табысталатын медальдар да көрсетілді.