Жүзуден Олимпиадаға екі қазақстандық спортшы қатысады. Спорт жаңалықтары
Cпорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Парижге жетіп, Олимпиадаға дайындалып жатыр. Бір аптадан кейін Франция астанасында кешенді сынның алауы жағылады. Спорттық гимнастика жарысы 27-ші шілдеде басталады. Ал көркем және батуттағы гимнастика шеберлері енді жолға шығады.
Қазақстан құрамасы сапында соңғы болып жүзу спортының өкілдері Олимпиадаға жолдама алды.
Ел атынан Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова сынға түседі. Екі спортшы да алғашқы олимпиадасына барады. 24 жастағы Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуде жүлдеге таласады.
Әділбек Азия ойындарында төрт мәрте медаль алған тәжірибелі спортшының бірі. Ал Ксения Игнатова 18 жасқа толды. Ол 100 метрге шалқалай жүзуде жарыс жолына шығады. Жастығына қарамастан әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысып үлгерді. Қарағанды қызы Париж Олимпиадасында 29-шы шілдеде сайысқа түседі. Әділбек 2-ші тамызда бәсекеге араласады.