Олимпиада-2024: ұлттық құраманың аяқ алысы қалай? LIVE
Франция астанасында Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бәрімізге белгілі қазақстандық Елдос Сметов тарихи нәтиже тіркеп, алғашқы жарыс күні чемпион атанған болатын. Бұған қоса, қоржынымызда қос қола бар. Ал енді жарыс күні қалай өтті? Ұлттық құраманың аяқ алысы қалай?
Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. Осылайша Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.
Абылайхан Жұбаназар, ұлттық құрама мүшесі:
-Қазақстандық дзюдошы Эсмигул Куюлова Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды. 63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді. Бүгін 81 келіде белдескен Абылайхан Жұбаназар да алғашқы айналымда жеңіліп қалған болатын. Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.
Осылайша еліміз дзюдо бойынша олимпиада жүлделері рейтингінде екінші орында тұр. Бірінші орында екі алтын, үш қоламен Жапония, үшінші орынды үш бірдей ел: Әзербайжан, Канада, Өзбекстан бөлісіп тұр
Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге шалқалап жүзуден жартылай финалға өте алмады. Мусин өз тобында сегізінші орын алып, жалпы есепте 41-орыннан көрінді. Ал жартылай финалға үздік 16 спортшы өтті. Дәл қазір стэнд ату трап дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңіне Мария Дмитриенко қатысып жатыр. Әлемнің ең мықты 30 мергені қатысып жатқан шарада Мария қазір 5 орында келе жатыр. Осы кезеңде үздік атанған 6 cпортшы келесі кезеңге өтеді. Марияға сәттілік тілейміз.
Садақ атудан іріктеу кезеңіне Ильфат Абдуллин қатысады. Қарсыласы канадалық Эрик Питерс үздік жиырмалықта көрінген әлемдік чемпионатта. Тағы бір Питерс Отандасымызға қарсылас болмақ. Жерлесіміз Нұрбек Оралбай австралиялық Калом Питреспен жекпе-жекке шығады. Тынық мұхиты аумағындағы елдер арасындағы ойындарда чемпион болған. Оңай қарсылас емес.
Тағы бір боксшымыз шаршы алаңға шығады. 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов түрік атлеті Самет Гюмюшпен кіл мықтыны анықтайды. Еуропада біраз жетістікке жеткен түрік боксшысы бұл жолы қайтер екен? Сәкен басым түсе ме екен, кешке қарай белгілі болады.