Хабар телеарнасы

Париж – 2024: Назым Қызайбай ширек финалға өтті. LIVE

Париж қаласынада жазғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Cоңғы жарыс күні спортшыларымыз жарқын жеңістерімен қуанта қойған жоқ. Десе де, негізгі үміттеріміз енді, яғни жарыс күнінің соңына қарай шығады. 

Нұрлыхан Шархан екінші айналымнан аса алмады

Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде өзбекстандық қарсыласы Музаффарбек Туробовтан ұтылып қалды. Екі палуан былтыр Ханчжоудағы Азия ойындарында, биыл Гонконгтағы Азия чемпионатында күресіп, бәрінде Музаффарбек басым түскен.

Айта кетейік, Нұрлыхан алғаш рет Олимпиадаға қатысып тұр. Ол - Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (2023). Ал Туробов - әлем чемпионы (2022), Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы (2024).

Тапаншамен ату: Арина Алтухова мен Александра Ле финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасында әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Отандасымыз Александра Ле 587 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Ал Ұлттық құраманың тағы бір мергені Арина Алтухова 586 ұпаймен 13-сатыдан көрінді. Енді жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Тікелей эфир сағат 13:00-де басталады.

Садақ ату: Дәулеткелді Жаңбырбай үшін Олимпиада аяқталды

Отандасымыз Дәулеткелді Жаңбырбай садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) жеңіліп қалды. Есеп: 7-3.

Ұлттық құрамадағы ең жас спортшымыздың біріне жеңіске деген жігер танытқаны үшін рақмет айтып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз! Енді кешке жекелей сында Александр Еременко сынға түседі. Уақыты 21:19-да.