V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті
V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қорытындысы бойынша Қазақстанда 114 медаль бар. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мәлімдеді. Жалпы қоржында 44 алтын, 33 күміс және 37 қола медаль. Қазақстан құрамасынан 21 спорт түрін де барлығы 216 спортшы бақ сынады. Бүгінгі жарыстар қалай өтті? Шетелдік қонақтардің пікірі қандай?
Диана Қадыр, тілші:
- Бәйге бойынша қазір 5 мемлекет бақ сынап жатыр. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Түрік елінен келген спортшыларымыз қатысуда. Құнан бәйге, ұшқыр бәйге, топ бәйге, аламан бәйге бойынша сайыс өткізуде.
1600 метрлік жарыс бойынша ұлттық құрама алтын да, күміс те, қола да алды. 2400 метрлік ұшқыр бәйгеде қазақ жылқыларының да жүлдесі бар. Жеңімпаз Берил Расер, екінші - Адай, Розелин үшінші болып келді. Ұшқыр бәйгеде 4 жастан жоғары аттар арасында 3200 метрге жүгіруде қазақ жылқысы күміс алды.
Алтай Бимен, «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры:
- Қазақстанның намысын қорғайтын негізгі аламан бәйгеде Жұмыр тұяғымыз қосылып жатыр. Одан бөлек, «Сен тұр мен атайын» деген әртүрлі аттарымыз бар. Төрешілікке бізден үш мемлекеттен қатысып отыр. Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Венгрия елінен келіп отыр.
Диана Қадыр, тілші:
- 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалғасуда. Ұшқыр бәйге бойынша қазір шетелдік көрермендердің пікірін сұрап көрсек.
- Мен Малайзиядан келдім. Мен бұл спортты бірінші рет көруім. Маған ұнап отыр.
- Менің атым Шарль. Франциядан келдік. Мұнда туристер көп екен. Түрлі спорттық ойындар өтіп жатыр. Этноауылда болдық. Қазақтың дәстүрі мен тамақтарын көрдік. Бізге қатты ұнап жатыр.
- Менің атым Джузе. Канададан келдім. Бұған дейін Қазақстанда 3 рет болдым. Маған бұл жарыс өте қатты ұнады.
- Біз Астанада музейде болдық. Қала ішінде суретке түстік. Біздің достарымыз қызығып, жазып жатыр.
Жалпы мәдени шараларды тамашалауға қазақстандық және шетелдік 100 мыңнан астам турист келді. 64 елден келген 1200-ге жуық журналист ақпарат таратуда. Оның ішінде CNN, BBC, Euronews секілді алпауыт телеарналар бар. Еліміз үшін маңызды жарыста 150 медициналық қызметкер мен 1 300 ерікті қызмет етті. Соның бірі – Ибрахим Уәли
Ибраһим Уәли, ерікті:
- Осы волонтер болғалы мен өте көп достар таптым. Олар мен сияқты Қазақстанымыздың абройын көтергісі келеді. Қазақстанның мәдениетін, тарихын, барлығын басқа елден келген туристерге айтуға тырысамыз.
Қырғыз халқының ұлттық ойыны «Ордодан» Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді. Ақтық сында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Отандық асықшылар қарсыластарына 96:18 есебімен есе жіберді. Үшінші орынды Тәжікстан құрамасы иеленді. Ал «Теңге ілуден» Түркістан облысынын келген спортшымыз алтын алды.
Қамбар Бақыт, «Теңге ілу» бойынша чемпион:
- Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Ерекше сезім ғой. Алланың қалауымен бірінші орын алдық. Теңге ілу өте жақсы дамыған. Халықаралық деңгейге шықты десек болады. Алдыңғы Азия чемпионаттарына қарағанда, алдыңғы халықаралық жарыстарға қарағанда мынау көшпенділер ойынына өте биік дәрежеде өтті.
Диана Қадыр, тілші:
- «Теңге ілу» бойынша 3 стилде ойын өтті. 3 алтын да біздің қоржында. «Бес белес» бойынша бірінші орынды Серіков Бекнұр алды. Батыс Қазақстан облысының спортшысы. «Жеті құт» стилінде болған жарыста бас жүлде Бақыт Төлтайға бұйырды. «Қос құлаш» бойынша алтын Қамбаров Рахатта. Осымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті.
Диана Қадыр, Әлібек Әлиев, Айдос Меделбеков