Қарағандыда бұрымды боксшылар арасында халықаралық жарыс басталды
«Мықтылар турнирі» деп айдар таққан шаршы алаң бәсекесіне Ресейдің былғары қолғап шеберлері келіпті. Жалпы саны 70 боксшы өзара сайыс көркін қыздырады. Бұл жарыс Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу саналады. Сондықтан Қазақстанның барлық аймағынан мықтылар жиналды. Қарағандыдағы турнирдің тағы бір ерекшелігі қыздар алғаш рет шлем кимей жұдырықтасады. Жекпе-жектер 12 салмақта өтеді. Финалдық кездесулер 27 қыркүйекке жоспарланған.