Хабар телеарнасы

Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа барып келді

Ғарыш кеңістігіне ұшырылған тұңғыш ұлттық ойынымыз тоғызқұмалық жерге оралды. Республикалық федерацияның вице-президенті Әкім Тұрсынның айтуынша, тоғызқұмалақ тақтасы 28 мың шақырым биікке көтеріліп, стратосферада 1,5 сағат тұрған. Тақтаның сырты былғарымен қапталып, үстінде көшпенділер ойынының, тоғызқұмалақ федерациясының және ЮНЕСКО-ның логотипі бейнеленген. 

Әкім Тұрсын, республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті
-Бұл ғарышқа ұшқанда дронмен ұшқан жоқ. Арнайы Gilly шарымен ұшырылды. Тақтаны алып келгеніміз бүгін ғана, сіздерге көрсетіп жатырмыз.