Хабар телеарнасы

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» жарысы өтті

Астанада «Дала қырандары» деген атаумен қазақ күресінен жарыс өтті. Дәстүрлі республикалық турнирге ең үздік 64 палуан қатысып, 8 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салды.

Сонымен жарыс қорытындысы бойынша 55 келіде қызылордалық Теміржан Руслан, 60 келіде ақтөбелік Нұрлыхан Мұхаммедов, 66 келіде астаналық Ержан Еренғайыпов, ал 74 келіде тағы бір ақтөбелік Бейбарыс Тұрғанбекұлы топ жарды. Ауыр салмақтарда шымкенттік Нұрдәулет Бақтыбайұлы, алматылық Ерасыл Жаңатаев, шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров, ал аса ауыр салмақта түркістандық Қайсар Шамшидинов қарсылас шақ келтірмеді. Жеңіске жеткен палуандарға чемпиондық белдік пен 5 млн теңге сыйақы табысталды.

Ұлттық күресіміздің насихатын күшейтіп, оның деңгейін көтеруге бағытталған жоба осымен 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және алдағы уақытта да жалғасын табады, - дейді мамандар.