Таңертеңнен кандидаттардың өздері де дауыс бере бастады.
Дайрабаев : соңғы жаңалықтар
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Мұнайлы ауданындағы жылқы шаруашылығына ат басын бұрды.
Кәсіпорын тауарлық және тұқымдық картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөніс өндіреді.
Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Астанадағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Елордадағы тігін фабрикаларының біріне барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл фабрикада 4 шеберхана жұмыс істейді. Олар – трикотаж, шұлық, шеврон және әскери салаға қажетті заттар цехы. Айта кеткен жөн, Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев бұдан өзге еліміздің оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде болды.
Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Тігін цехінде 80-ге жуық тігінші екі кезеңмен жұмыс істейді. Бұл кісілердің бәрімен сөйлестім. Айлықтарын білдім, қанағаттандырады. Көбі – ауылдан шыққан кісілер. Әр өңірден келген. Ауылда жағдай болса, тұрмыстық мәселе шешіліп, инфрақұрылым болса, әрине, ауылға баруға болады. Астанаға күн көру үшін келдік.
Өскемен тұрғындарымен кездесіп, қала іргесіндегі шаруа қожалықтарын аралады.
Сондай-ақ Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Жетісу облысына барып, сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын таныстырды.