Дайрабаевтың өкілі Заречный ауылына барды
Тұқым себуден бастап дайын өнімді сатуға дейінгі үдеріс түгел механикаландырылған және автоматтандырылған, — дейді мамандар.
Қайрат Айтуғанов, Ж. Дайрабаевтың сенімді өкілі:
- Қандай мәселелер шешілмей жатыр. Біріншіден, жанармай. Ол қымбат деп жатыр. Екіншіден, тыңайтқыш қымбаттады. Ал баға құлап жатыр.
Кездесу соңында Қайрат Айтуғанов халыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Агроөнеркәсіп кешені мен елді мекендерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Шаруалар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.