Иран аудандарынан келген құрғақ және ыстық ауа массалары бұрынғысынша Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысына әсер етеді, сондықтан өте қатты ыстық ауа температурасы – күндіз – 33-39º, кей жерлерде 40-45ºС сақталады.
Шілде : соңғы жаңалықтар
Синоптиктер 26-27 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады. «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарын жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылай бермек.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, дауыл болады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Алдағы үш күнде еліміздің шығыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстан аймақтары арқылы жылжыған атмосфералық фронттармен алдағы үш тәулікте республикамыздың солтүстік, шығыс және солтүстік-батыс аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады.